Жеке деректерді таратқан: Meta 25 млрд доллар айыппұл арқалады

Бұл – АҚШ тарихындағы ең ірі айыппұлдардың бірі.  


22/10/2026
09:18 0

Reuters-тің жазуынша, Meta компаниясына 25 миллиард доллар айыппұл салынды. Судья Meta-ға 219 миллиард доллардан астам айыппұл кесуге негіз бар деп тапқанымен, айыппұл сомасын 25 млрд долларға дейін азайтты.

 

Алқабилер компания жасаған 26 мәлімдемені жалған деп таныды. Meta бұл шешімге шағым түсіруді жоспарлап отыр.

 

Компанияға қатысты айыптаулар 2016 жылы басталған болатын. Ол кезде «Cambridge Analytica» фирмасы миллиондаған Facebook пайдаланушысының дерегін рұқсатсыз алған еді. Бұл фирма Дональд Трамптың сайлау науқанына қатысқан. Нью-Мексико штаты Meta-ны тұтынушыларға жеке деректердің құпиялылығы туралы өтірік айтты деп сотқа берді.

 

Судья Фрэнсис Мэтью өз бұйрығында:

 «Facebook-тің заңсыз әрекеттері жылдар бойы жалғасты. Ол халыққа жүйелі түрде таратылды. Бұл – компанияның негізгі жұмыс тәсілі», –  деп жазады.

 Meta-ның бас заңгері Си Джей Махони компанияның апелляцияда жеңетініне сенімді.

 «Бұл шешім Нью-Мексикода бизнес жүргізуді мүмкін емес етеді. Шын мәнінде, бұл сот талабы сөз бостандығына салық салғысы келеді. Олар интернетте адамдардың не айтатынына жаңа ереже енгізгісі келеді», — деді Махони.

 Нью-Мексиконың Бас прокуроры Рауль Торрез бұл айыппұлды АҚШ тарихындағы ең ірі санкциялардың бірі деп атады.

 

Бұған дейін, 2019 жылы Meta деректерді заңсыз таратқаны үшін АҚШ-тың Федералды сауда комиссиясына 5 миллиард доллар төлеген еді.

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2026 09:18
0

Уведомление