«Жауапкершілікті өз мойнына алды»: Navai жуырда бостандыққа шығуы мүмкін

Қазақстанда тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен алып өту ісі бойынша қамауға алынған рэпер Navai (Наваи Бакиров) жақын арада бостандыққа шығуы мүмкін.


20/10/2026
08:01 0

Өнер иесінің адвокаты Рена Керимованың айтуынша, өнер иесінің жағдайы тұрақты.

«Navai-дің жағдайы өте жақсы. Бүгін (19 қазан – ред.) оның жанында болдым. Бәрі жақсы. Өзі өте байсалды, әзіл-қалжыңы да жақсы жігіт. Жалпы, кез келген жағдайға дайын, бірақ істің оң шешілгенінен үмітті», – деді Керимова Ren TV арнасына берген сұхбатында.

Қорғаушы рэпердің қалай ұсталғанына қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, көлікті тексерген сәтте ішінде Navai-ден басқа да адамдар болған.

«Бұл істің жауапкершілігін кез келген адам өз мойнына алуы мүмкін еді, бірақ Navai осылай істеген дұрыс деп шешті. Өзімнің жеке пікірім бойынша, оның кінәсі жоқ деп есептеймін. Алайда кінәсін мойындау-мойындамау – Navai-дің өз құқығы», – деп түсіндірді қорғаушы.

Еске салайық, рэпер 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Қазақстандағы «Қордай» шекара бекетінде ұсталды. Хабарланғандай, музыканттың көлігін тексеру кезінде полицейлер есірткі затын тапқан. Өнер иесіне есірткі контрабандасына оқталды деген күдік келтіріліп отыр. Осы оқиғадан кейін Астанада өтуі жоспарланған Navai концерті тоқтатылды. Ал 15 қазанда сот музыкантты екі айға қамауда ұстау туралы шешім шығарғаны белгілі болды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

20/10/2026 08:01
0

Уведомление