Құжат дайын: Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасы жаңа Ата заң жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруға болатынын мәлімдеді.


11/02/2026
17:18 0

«Оң бағаланған» құжат

 

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері барынша жетілдірілді. Терминологиялық және мағыналық бірізділік қамтамасыз етілді.

 

–  Құқықтық нормалардың тұжырымдары нақты беріліп, мазмұны әр азаматқа түсінікті болатындай жазылды. Жоба комиссия мен оның жұмыс топтарының аясында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің қоғам өкілдерімен кездесулері барысында да құжат негізінен оң бағаланды. Жаңа негізгі заңымыз қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Бақыт Нұрмұханов.

 

Комиссия жұмысы тәмам

 

Қорытынды сөз сөйлеген Конституциялық сот төрағасы  Эльмира Әзімова комиссия мүшелерінің басым бөлігі жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығару бастамасын қолдағанын мәлімдеді.

 

– Комиссия – президент жанындағы консультативтік орган. Сондықтан көпшіліктің пікірін ескере отырып, пысықталған жаңа Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруды мемлекет басшысына ұсыну қажет деп санаймын, – деп түйіндеді Әзімова.

 

Оның айтуынша, комиссия жұмысының қорытындылары президентке ұсынылады. Жаңартылған жоба мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында қайта жарияланып, сондай-ақ ресми сайттар мен арналарда жарық көреді.

Поделиться

Нет комментариев.

11/02/2026 17:18
0

Уведомление