Жапония премьері Ресеймен бейбіт келісім жасауға ниетті
Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити парламенттің төменгі палатасында сөйлеген бағдарламалық баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Masa media.
Толығырақ
Такаити Жапонияның Ресеймен қарым-қатынасы күрделі жағдайда болса да, Токио Мәскеумен бейбіт келісім жасауға мүдделі екені жеткізді.
«Жапония мен Ресей арасындағы қатынастар ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. Соған қарамастан, аумақтық мәселені шешіп, бейбіт келісімге қол қою – жапон үкіметінің негізгі ұстанымы болып қала береді», – деді Такаити.
Шиеленіскен қарым-қатынас
Екі ел арасындағы бейбіт келісімнің жасалмауы көп жылдан Мәскеу мен Токио қарым-қатынасын шиеленістіріп келеді. Мәскеу тарапы аталған аралдар Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша КСРО құрамына өткенін, сондықтан Ресейдің аумағы саналатынын алға тартады.
Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы бірнеше санкциялар пакетін енгізгеннен кейін, 2022 жылғы 21 наурызда Ресейдің Сыртқы істер министрлігі жауап шарасы ретінде Жапониямен бейбіт келісім жөніндегі келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді. Сондай-ақ Мәскеу жапон азаматтарының Оңтүстік Куриль аралдарына визасыз сапарларын тоқтатып, аталған аумақта бірлескен шаруашылық қызметті дамыту жөніндегі диалогты тоқтатты.
12:04
86
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.