Жапония қазақстандықтар үшін виза алу тәртібін өзгертті
Жапонияға баруды жоспарлаған қазақстандықтар үшін виза рәсімдеу тәртібі өзгереді.
Не өзгереді?
23 қыркүйектен бастап елшілікке құжат тапсыратын азаматтар алдымен нөмірлік талон алуы керек.
Бұл өзгеріс елшілікке келетін азаматтардың кезегін реттеу үшін енгізіліп отыр. Визаға құжат тапсырғысы келетін азаматтар өтініш қабылданатын күні елшіліктің күту залына келіп, сағат 09:30-дан бастап нөмірлік талон алуы керек.
Талон алған адам сол күні визаға құжат тапсыруға мүмкіндік алады. Дегенмен талон белгілі бір уақытқа белгіленген қабылдауды білдірмейді. Құжаттар бұрынғыдай тірі кезек тәртібімен қабылданады. Мысалы азамат талонды таңертең алып, кезегін күтіп, құжаттарын қабылдау терезесіне тапсыра алады.
Талон қанша күн жарамды?
Елшілік нөмірлік талонның тек берілген күні жарамды екенін ескертті. Сондықтан оны келесі күнге қалдыруға немесе басқа күні құжат тапсыру үшін пайдалануға болмайды. Ал виза бойынша дайын нәтижені алу кезінде нөмірлік талон қажет емес.
Белгілі бір санаттағы өтініш берушілер құжаттарын талонсыз тапсыра алады. Оларға:
Жапония үкіметінің немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруымен виза рәсімдейтіндер;
медициналық қызмет алу мақсатында Жапонияға баратындар;
вербалды нота негізінде құжат тапсыратындар жатады.
Талон құжатты бірден тапсыруға кепілдік емес
Елшілік дүйсенбі мен жұма күндері келушілер саны көп болатынын атап өтті. Осыған байланысты азаматтарға мүмкіндік болса, аптаның басқа жұмыс күндерін таңдауға кеңес берілді.
Осылайша, 23 қыркүйектен бастап Жапония визасына құжат тапсыратын қазақстандықтар елшілікке бармас бұрын жаңа тәртіпті ескеріп, сол күні нөмірлік талон алуы қажет.
Нөмірлік талонның болуы құжатты бірден тапсыруға кепілдік бермейді – қабылдау тірі кезек бойынша жүргізіледі.
10:35
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.