Популярные тэги

Жаңа тәртіп: Енді Қазақстанға кім көрінген көшіп келе алмайды

Бұдан былай Қазақстанда тұрғысы келетін шетелдіктер, соның ішінде этникалық қазақтар алдын ала іріктеуден өтеді. Жаңа тәртіп Үкімет қабылдаған 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасында бекітілген.


09/01/2026
13:44 188 0

Қазақ тілінен тест тапсырады

 

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның түсіндіруінше, Қазақстанға қоныс аударғысы келетіндер мемлекеттік тілді білу тестін тапсырады. Сондай-ақ, цифрлық сауалнама толтырып, уәкілетті органдардың тексерулері және әңгімелесуден өтеді.

 

Солтүстікке қоныстанатындарға – 7 млн теңге

 

Мемлекеттік қолдауға үмітті қандастар үшін арнайы тәртіп бар. Олар қандас мәртебесін рәсімдеп, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануы керек. Бұл – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары. Аталған өңірлерге көшетін қандастарға берілетін ақшалай көмек биыл 1625 АЕК-ке дейін, яғни 7 млн теңгеге дейін өсіп отыр. Бұл қаражат көшіп барған өңірден баспана алу үшін ғана беріледі.

 

 gov.kz

 

«Біз отандастарымызды мемлекеттік стратегияны ұстануға шақырамыз. Өңірлік квотаға кірген қандастар көшіп келген кезде 5 жылға әлеуметтік келісімшарт жасайды. Мемлекет оларға көшуге, баспанаға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Ал егер отбасы бес жыл өтпей басқа өңірге көшсе, алған көмекті қайтаруға тиіс болады», –  деп түсіндірді Аида Балаева.

 

 

Шетелдік жұмыс күші шектеледі

 

«Ең алдымен, біз Қазақстан азаматтарының мүддесін басшылыққа аламыз. Шетелдік жұмыс күші тек нақты кадр тапшылығы бар салаларға ғана тартылады. Көші-қон бағыт-бағдары өңірлер мен нақты жобалардың сұранысына сай қалыптасады», – деді министр.

Көші-қон талаптарын бұзғандар жауапкершіліктен сырт айналып кете алмайды.

«Бұл талап мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады. Қауіпсіздік елге кіруден бастап, елден шығуға дейін толық қамтамасыз етіледі. Біздің мақсатымыз – Қазақстанға заңды сыйлайтын, мәдениетімізді құрметтейтін адамдардың келуі», –  деп атап өтті Балаева.

Поделиться

Нет комментариев.

09/01/2026 13:44
188 0

Уведомление