Жаңа тәртіп: Қазақстан азаматтарына Қытайға кіруге 5 жылға тыйым салынуы мүмкін

15 қыркүйек, яғни бүгіннен бастап Қытайда елге кіру және шығу тәртібіне қатысты жаңа ережелер қолданыла бастады.


15/09/2026
11:23 0

Жаңа тәртіп

 

Виза рәсімдеу кезінде немесе шекаралық бақылаудан өту барысында жалған не дұрыс емес ақпарат ұсынған шетел азаматтарына Қытайға бес жылға дейін кіруге тыйым салынуы мүмкін.

 

FlyArystan компаниясының мәліметінше, жаңа тәртіп құжаттарды тексеру рәсіміне де өзгеріс енгізеді. Осыған байланысты шекарадағы иммиграциялық бақылаудан өту бұрынғыдан ұзаққа созылуы ықтимал.

 

Не істеу керек?

 

Осыған байланысты компания Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын қазақстандықтарға сапарға қажетті құжаттарын алдын ала тексеріп, олардың жарамдылығына көз жеткізуді ұсынған. Әсіресе, төлқұжаттың мерзімі мен деректерінің дұрыстығына назар аудару қажет. Сонымен қатар Қытайға кіру және елден шығуға қойылатын қолданыстағы талаптармен алдын ала танысқан жөн.

 

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға әуежайға ұшу уақытынан кемінде үш сағат бұрын келуге кеңес берді. Бұл паспорттық және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт қалдыруға мүмкіндік береді.

 

Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, жаңа шектеулерге қарамастан, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим сақталады. Қазақстан азаматтары Қытай аумағында бір сапар барысында 30 күнге дейін визасыз бола алады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/09/2026 11:23
0

Уведомление