Жаңа Конституциядағы даулы бап: азаматтарға жыл сайынғы еңбек демалысы берілмей ме
Желіде жаңа Конституцияның жобасының 27-бабы 4-тармағына қатысты дау туды.
Қазақстандықтар құжаттың 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөніндегі ақпаратты қызу талқылап жатыр. Жекелеген жарияланымдарда бұл өзгеріс қызметкерлердің құқықтарын шектеуге негіз болады деген пікірлер келтірілген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Шенеуніктер Конституция азаматтардың құқықтарының негізгі принциптерін ғана бекітетінін және нақты ережелер еңбек заңнамасында егжей-тегжейлі сипатталғанын түсіндірді.
«27-баптың жобасында демалыс құқығы заңмен кепілдік берілетін әлеуметтік құқық ретінде бекітіледі. Демалыс – осы құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі. Оның ұзақтығы, кезеңділігі, берілу тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі. ҚР Еңбек кодексі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын тікелей көздейді, оның ең төменгі ұзақтығын, берілу тәртібін, сондай-ақ демалыс бермеуге тыйым салуды белгілейді», — деп нақтылады министрлікте.
Министрлік азаматтарды ресми ақпарат көздеріне назар аударуға және негізсіз тұжырымдарды таратудан аулақ болуға шақырды. Және демалу құқығына мемлекет кепіл болып қала берді.
02:11
45
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.