Жаңа iPhone 18 Pro смартфонының Қазақстандағы ресми бағасы жариялады
Қазақстандағы Apple компаниясының ресми серіктесі жаңа флагмандық смартфондардың Қазақстандағы бөлшек сауда бағасын жариялады.
Баға жад көлеміне қарай құбылады
iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдеріне алдын ала тапсырыс қабылдау 18 қыркүйекте сағат 00:01-де басталды. Ал смартфондар дүкендерде жаппай сатылымға жеті күннен кейін шығады.
Қазақстан нарығында жаңа смартфондардың бағасы ішкі жадының көлеміне қарай белгіленген. iPhone 18 Pro моделінің бағасы мынадай:
- 256 ГБ – 849 990 теңге;
- 512 ГБ – 993 990 теңге;
- 1 ТБ – 1 275 990 теңге;
- 2 ТБ – 1 698 990 теңге.
Экран өлшемі үлкен iPhone 18 Pro Max флагманының бағасы бұдан қымбатырақ:
- 256 ГБ – 909 990 теңге;
- 512 ГБ – 1 063 990 теңге;
- 1 ТБ – 1 345 990 теңге;
- 2 ТБ – 1 769 990 теңге.
Ресми баға жарияланғанға дейін iPhone 18 Pro смартфонының 256 ГБ жады бар базалық нұсқасы Қазақстанда шамамен 546,1 мың теңгеден сатылуы мүмкін деген болжам айтылған еді.
Алдын ала тапсырыс және сатылымның басталуы
Флагмандық смартфондарға Freedom SuperApp платформасы арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады. Бұл ретте сатып алушыларға 30 пайызға дейін кешбэк есептеледі.
Ритейлер смартфондардың Қазақстанға ресми түрде жеткізілетінін атап өтті. Сатылымға шығарылатын барлық құрылғыға өндірушінің ресми кепілдігі беріледі. Сонымен қатар смартфондардың IMEI кодтары мемлекеттік дерекқорда міндетті түрде тексеріледі.
«iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондары 25 қыркүйектен бастап еркін сатылымға шығады. Жаңа iPhone Duo моделі кейінірек қолжетімді болады. Оның сатылымға шығатын күні туралы Freedom Электроника қосымша хабарлайды», – делінген компания хабарламасында.
Еске салайық, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Apple компаниясы Купертинода дәстүрлі күзгі тұсаукесерін өткізіп, жаңа құрылғыларын, соның ішінде iPhone 18 топтамасын таныстырды.
Флагмандық модельдердегі басты аппараттық жаңалықтардың бірі – нейрожелілер мен Apple Intelligence жүйесімен жұмыс істеуге арнайы оңтайландырылған жаңа процессордың қолданылуы.
Көпшіліктің және сарапшылардың назарын топтамаға қосылған мүлде жаңа құрылғы – iPhone Duo аударды. Оның әлемдік және Қазақстан нарығына нақты қашан шығатыны әзірге жарияланған жоқ.
08:42
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.