Жаңа белес: Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді
Михаил Шайдоров Халықаралық коньки тебу одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді.
Әлем үздіктері
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының еншісінде 4193 ұпай бар. Бұған дейін Шайдоровтың рейтингтегі ең жоғары нәтижесі үшінші орын еді.
Рейтинг көшін 4590 ұпай жинаған америкалық Илья Малинин бастап тұр. Үшінші орынға жапониялық Юма Кагияма түсіп, 4123 ұпай жинаған. Одан кейін жапониялық Шун Сато (3949 ұпай) мен франциялық Адам Сяо Хим Фа (3660 ұпай) орналасқан.
Михаилдың қоржынында бес алтын
Шайдоров халықаралық жарыстарда 17 медаль жеңіп алған. Оның қоржынында бес алтын бар. Ол 2026 жылғы Олимпиадада, 2025 жылғы Төрт құрлық чемпионатында, 2024 және 2025 жылдардағы Денис Тен мемориалында, сондай-ақ 2024 жылғы Challenge Cup жарысында топ жарды.
Қазақстандық спортшы жеті күміс медальді 2025 жылғы әлем чемпионатында, 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында, 2025 жылғы Skate America турнирінде, 2024 жылғы Қытай Гран-приінде, 2021 жылғы Baltic Cup жасөспірімдер Гран-приінде, 2023 жылғы Golden Spin of Zagreb және 2018 жылғы Bosphorus Cup жасөспірімдер жарыстарында иеленді.
Шайдоров 2023 және 2025 жылдардағы Қытай Гран-приінде, 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында, 2021 жылғы Sofia Trophy турнирінде және 2026 жылғы Ондрей Непела мемориалында қола жүлдеге қол жеткізді.
фото: olympic.kz
08:27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.