Зеленский: Путин Үшінші дүниежүзілік соғысты бастап қойды
Әлемдік БАҚ-та Украина басшысының BBC-ге берген сұхбаты қызу талқыланып жатыр.
Донбастан шығу – ұстанымнан айну
Зеленскийдің айтуынша, Украина Қарулы күштерінің Донбасс пен өзге аймақтардан әскерін әкетуі украин қоғамын екіге бөліп, Киевтің ұстанымын әлсіретеді. Ол мұндай қадам атысты тоқтатуға әкелуі мүмкін болса да, оны ақтауға болмайтынын айтады.
«Мен бұған басқаша қараймын. Мұны жай ғана жер мәселесі деп қарастырмаймын. Бұл – біздің ұстанымымыздан бас тарту әрі әлсіреу, сол өңірлерде тұрып жатқан жүздеген мың азаматымыздан бас тарту деген сөз. Мұндай шешім қоғамымызды міндетті түрде екіге бөледі», – деді ол.
УНИАН телеграм-арнасы Зеленскийдің Путин туралы мына сөзін келтіреді:
«Мәселе – оның қанша аумақты басып ала алатынында және оны қалай тоқтатуға болатынында».
Зеленский сұхбатта тағы не айтты?
– 1991 жылғы шекараға әзірге оралу мүмкін емес. Украинада адам күші де, қару-жарақ та жеткіліксіз. «Әуе қорғанысы – ең күрделі мәселе. Өкінішке қарай, серіктестеріміз әлі күнге дейін бізге өз жүйелерімізді өндіруге лицензия бермей отыр. Мысалы, Patriot немесе қолымызда бар жүйелерге арналған зымырандарды жасауға рұқсат жоқ».
– Донбасстан шығу сатқындыққа тең болады әрі қоғамды бөлшектейді. Оның үстіне Путин мұнымен тоқтамайды. «Мүмкін, бұл оны біраз уақытқа қанағаттандырар еді. Оған кідіріс керек. Менің ойымша, ол ең көбі екі жыл ішінде қайта күш жинап алады».
– Сайлау өткізуге болады, бірақ алдымен қауіпсіздік кепілдігі қажет. Сонымен қатар Зеленский әлі де келесі президенттік сайлауға түсетін-түспейтінін нақты шешпеген.
12:47
28
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.