Қытай қазақ кеніштерін жаппай иемденбек пе?
Қытай компаниялары Қазақстандағы ірі кен орындарын өз иелігіне алып жатыр.
Қорғаныс-күміс кен орны
Finmentor телеграм-арнасының авторы Арман Батаевтың жазуынша, қытайдың Zhekuang Heavy Industry Co. Ltd. компаниясы Қазақстандағы қорғаныс-күміс кен орнын сатып алмақ. Компанияның еншілес кәсіпорны – Hainan Changxing 2025 жылдың соңында «Тау-Кен Самұрық» АҚ-мен «Алайғыр» бірлескен компаниясының 100% жарғылық капиталын сатып алу жөнінде келісімшартқа қол қойған.
Zhekuang Heavy Industry – тау-кен жабдықтары мен материал өңдеу шешімдерін өндіретін ірі қытайлық компания. Оның акциялары Шэньчжэнь қор биржасында саудаланады.
«Алайғыр» бірлескен компаниясы – «Тау-Кен Самұрыққа» тиесілі және Қарағанды облысындағы аттас қорғасын-күміс кен орнына иелік етеді. Аталған жоба полиметалл рудаларын өндіруге бағытталған. Компанияны сатып алу жөніндегі мәміле құны – 350 млн теңге. Сонымен қатар, сатып алушы «Алайғыр» компаниясының кемінде 28,8 млрд теңгенің қарызын өз мойнына алады. Аудит пен бағалау нәтижесіне қарай мәміленің түпкілікті құны нақтыланбақ.
«Алайғыр» полиметалл кен орнын пайдалану құқығы 2013 жылдан бері осы компанияға тиесілі. Алайда жоба әлі күнге дейін аяқталмаған құрылыс сатысында қалып тұр, өндіріс басталмаған. Кен орнын игеру лицензиясы 2038 жылға дейін жарамды, сондай-ақ барлау жұмыстарын жүргізуге арналған екі лицензиясы бар.
Мәміле аяқталғаннан кейін Zhekuang Heavy Industry жобаның өндірістік бағытын сақтау, лицензиялық талаптарды толық орындау және бес жыл ішінде кен байыту фабрикасының құрылысын аяқтап, коммерциялық өндірісті іске қосуға міндеттенеді.
Уран кен орны
Finmentor телеграм-арнасының дерегінше, Қытайдың тағы бір компаниясы – Xiamen Wanli Stone Co., Ltd Жамбыл облысындағы молибден-уран кен орнын барлау жобасына 1,8 млн доллар инвестиция салмақ.
Нақтылап айтсақ, Xiamen Wanli Stone құрылымына кіретін қытайлық компаниялар Hainan Zhong-Kazakh Wanli Stone Mining Co. атты бірлескен кәсіпорын құрып, 1,8 млн долларға қазақстандық «Спецпоставка – Абсолют» ЖШС-ін сатып алады.
«Спецпоставка – Абсолют» ЖШС-нің Жамбыл облысында сирек, түсті және бағалы металдарды барлауға берілген лицензиясы бар. Мәміленің негізгі активі – Қордай молибден-уранды полиметалл кен орны.
«Спецпоставка – Абсолют» ЖШС құрылтайшылары – Ирина Голубь пен Антон Меркулов. Компания Алматы қаласында шағын кәсіпорын ретінде тіркеліп, 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі қызмет түрі – «бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу».
Ал Xiamen Wanli Stone – 1996 жылы Қытайдың Сямынь қаласында құрылған компания. Қазақстандағы ең ірі тас өндірушілердің бірі: компанияның жеті карьері мен алты өңдеу зауыты бар, оның ішінде Оңтүстік Африкада да кәсіпорындары жұмыс істейді. Өнімдерін 20-дан астам елге экспорттайды. Компания өндірген тас әуежайлар, қонақүйлер, кеңсе ғимараттары мен теміржол вокзалдар құрылысына қолданылады.
15:14
37
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.