Ғылым, эстрада һәм журналистика: «Дарын» сыйлығына кімдер таласып жатыр

Мемлекеттік жастар сыйлығына үміткер 20 адам іріктелді. Он аталымның әрқайсысы бойынша екі үміткерден анықталған.  


06/11/2026
08:02 0

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысында айтылған дерекке сүйенсек, сыйлыққа үміткерлерден барлығы 504 өтінім түскен. Алдын ала тексеруден кейін оның 429-ы комиссия қарауына жіберілген. 

 

Байқау он аталым бойынша өткізілген. Ең көп өтінім «Ғылым» аталымына түскен. Бұл бағытта 119 өтінім қабылданған. Ал «Қоғамдық қызмет» аталымы бойынша 75 үміткер бақ сынаған.

 

Басқа бағыттар бойынша өтінім саны мынадай:

 

- «Театр және кино» – 58;

- «Халық шығармашылығы» – 43;

- «Классикалық музыка» – 30;

- «Әдебиет» – 23;

- «Эстрада» – 22;

- «Дизайн және бейнелеу өнері» – 22;

- «Спорт» – 20;

- «Журналистика» – 17.

 

Іріктеу екі кезеңнен тұрған. 27-29 қазан аралығында тиісті бағыттар бойынша алты секциялық отырыс өтіп, онда қорытынды комиссияның қарауына ұсыныстар әзірленген.

 

Комиссия жұмысының нәтижесінде он аталымның әрқайсысы бойынша екі үміткерден, жалпы саны 20 үміткер анықталды.

 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі 26 қарашада өтеді.

Поделиться

Нет комментариев.

06/11/2026 08:02
0

Уведомление