Популярные тэги

Әйгілі әнші Николь Шерзингер Софья Самоделкинаға алғысын айтты

Софья Самоделкинаның қысқы Олимпиададағы қойылымы америкалық әншінің назарынан тыс қалмады.


20/02/2026
10:46 109 0

Коллаж: Masa media

 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өзінің ерікті бағдарламасы үшін Sunset Boulevard композициясын таңдады, оны 2023-2024 жылдары Эндрю Ллойд Уэббердің аттас мюзиклінде Шерзингердің орындаған.

 

7,3 млн жазылушысы бар әнші Instagram парақшасында Софья Самоделкинаның қойылымынан үзінд жариялап, оған өз ризашылығын білдірді.

«2026 жылғы Олимпиадада Sunset Boulevard сүйемелдеуімен өнер көрсеткені үшін қазақстандық Софья Самоделкинаға рахмет», – деп жазды Николь Шерзингер.

 

Спортшы әншінің реакциясына таңданысын жасырмай:

 

«О, Құдайым! Керемет музыкаңыз үшін рахмет! Мен сізді жақсы көрем!»,- деп жауап берді.

 

Айта кетейік, Софья Самоделкина Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламадан кейін төрешілерден 138.99 балл алды. Жалпы есеп бойынша ол 207.46 ұпай жинады, бұл спортшының жеке рекорды. Нәтижесінде Қазақстан оныншы орынға ие болды.

Поделиться

Нет комментариев.

20/02/2026 10:46
109 0

Уведомление