Популярные тэги

Әйгілі COLORS жобасында қазақтың әні шырқалды

Yenlik атымен танымал қазақ әншісі Еңлік Құрарбек, әйгілі COLORS музыкалық платформасында өнер көрсеткен Қазақстаннан шыққан алғашқы әртіс атан


13/01/2026
11:58 34 0

 

Толығырақ

 

Yenlik бұл жаңалықты өз парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл оның көптен бері көкейінде жүрген арманының орындалуы. Бұған дейін оның COLORS жобасына қатысуға талпынысы нәтиже бермеген.

 

«COLORS-тан шақырту алған сәтте қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш берген едік, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы олар мені өздері тауыпты», – дейді әнші.

 

 

Yenlik-тің шығармашылығы

 

Yenlik хип-хоп пен R&B бағытында өнер көрсетеді. 2025 жылдың соңында оның Meili атты әні әлеуметтік желілерде кең таралып, әлем бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегіне жол тапқан.

Қарапайым отбасынан шыққан әнші шығармашылықпен айналысқанға дейін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

 

COLORS

 

COLORS – жас әрі перспективалы әртістердің музыкалық индустрияда «жарқ етіп шығуына» көмектесетін платформа. Бұл алаңда әртістер түрлі түсті минималистік фон аясында әнін жанды дауыста орындайды. Жобаға әр жылдары Billie Eilish, Drake, Doja Cat, Joji сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатысқан.

 

 

COLORS қатаң іріктеуімен және минималистік формасымен танымал: сахнада – бір әртіс, бір ғана түс, артық әрлеусіз таза музыка. Yenlik-тің айтуынша, жобада нақты бекітілген талаптар жоқ, онда түрлі жанр мен мәдениет өкілдері өнер көрсетеді. Әнші кураторлардың назарын оның музыкалық үні мен қазақ тілінде орындауы аударған болуы мүмкін деп есептейді.

 

Платформада шырқалған Yenlik-тің Bipl әнін тыңдарман зор қошеметпен қабылдады. Қазақстандықтар әншімен мақтанатындарын жарыса жазса, шетелдіктер талантты қазақ қызының өнеріне жоғары бағасын беріп жатыр.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2026 11:58
34 0

Уведомление