Демократия

Грек тілінен аударғанда «халық билігі» дегенді білдіреді. Қоғамның барлық мүшесінің сөзін елеуге тырысатын саяси жүйе. 




Демократияның негізгі мақсаты — адам құқығы мен бостандығын қорғау. Азаматтар елдегі жағдайға тікелей немесе өзі сайлаған депутаттар арқылы әсер ете алады. 


Демократияның басқа жүйелерден айырмашылығы:


– Халық — билік көзі. Адамдар елдің заң шығарушы органы (парламент) мен ел басшысын (президент) сайлайды.


– Таңдау еркіндігі. Азаматтар шешімдерін өздері қабылдайды, ешқандай қысым көрсетілмейді.


– Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары. Олар халыққа бейтарап, әр түрлі ой айтылған ақпарат береді. 


– Плюрализм — пікір алуандығы. Ешқандай саяси идеология міндетті бола алмайды. 


– Партиялардың көп болуы. Үнемі ауысатын билеуші партиясы мен қудаланбайтын оппозициялық партиясы бар. 


– Адам құқығын құрметтеу. Барлығының, тіпті азаматтығы жоқ адамдардың негізгі құқық пен бостандығы болуы тиіс. Мемлекеттің басты құндылығы — адам. 


– Халықтың пікірін ескеру. Маңызды саяси шешімдер көпшіліктің қалауымен қабылдануы тиіс. Бірақ азшылықтың да ойы еленуі керек.


Маңызды: демокартия саяси көзқарас деген сөз емес, ол кез келген режимде бола алады.


 


29/07/2020 11:23 0

29/07/2020
11:23 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление