Түркиядағы қазақ қызының өлімі: белсенділер наразылыққа шықты
Ыстамбұлда «Социалист әйелдер кеңесі» ұйымының белсенділері 26 жастағы қазақстандық Айсұлу Бекмаханова қаза тапқан жерде наразылық акциясын өткізді.
Наразы топ қыздың өлімін өзіне қол жұмсау деп бағалауға келіспей, істі жан-жақты тергеуді талап етті.
Акция «Бұл – суицид емес, кісі өлтіру» деген ұранмен өтті. Белсенділер тергеушілерден оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қыздың өлімінің нақты себебін ашуды және кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.
Олардың айтуынша, күмәнді өлімді тергеу және әділдік іздеген мигрант әйелдердің қиындықтары жалпы әйелдер құқығына қатысты мәселе.
Еске салайық, 25 қазан күні таңертең Ыстамбұлдың Шишли ауданында Қазақстан азаматының қаза тапқаны хабарланған еді. Түркиялық БАҚ мәліметінше, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өткен. Алайда шатырдағы жабын опырылып, ол екінші жертөле деңгейіне құлаған.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қыздың қайтыс болғанын растады. Дипломаттар марқұмның отбасына көмек көрсетіп жатыр.
Кейін Түркия полициясы екі адамды ұстады. Олар марқұммен бір пәтерде тұрған көршісі мен кездесіп жүрген жігіті.
Қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын көршісі қызды шатырдың шетінде отырған жерінен суретке түсірген. Оның айтуынша, ол Айсұлудан ол жерден кетуді сұраған. Алайда қыз: «Мен осында отыра тұрамын, сен ұйықтай бер», – деп жауап берген.
10:43
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.