Түркияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынды

Ал 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер тек достар тізіміндегі адамдармен хат жазыса алады.


02/11/2026
09:09 0

Түркияда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салатын жаңа талап күшіне енді. Ал 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірқатар шектеу қойылады. Пайдаланушылар жасын мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы растауға тиіс.

 

Жаңа ережеге сәйкес, 15 жасқа толмаған балалар әлеуметтік желіде тіркеле алмайды. Бұрын ашылған аккаунттар да біртіндеп бұғатталады. Әлеуметтік желі платформаларына жаңа талаптарды орындау үшін 2027 жылғы 31 наурызға дейін өтпелі кезең берілген.

 

Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Гекташтың айтуынша, осы уақыт ішінде платформалар қолданушылардың жасын тексеру жүйесін енгізіп, бұрыннан бар аккаунттарды жаңа талаптарға сәйкестендіруі керек.

 

Әлеуметтік желіге кіру үшін қолданушылар Түркияның e-Devlet мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жеке басын растауға тиіс. Тексеруден кейін оларға жасы көрсетілген цифрлық токен беріледі. Егер пайдаланушы 15 жасқа толмаған болса, әлеуметтік желіге кіруіне рұқсат берілмейді. Ал 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер тек достар тізіміндегі адамдармен хат жазыса алады. Оларға тікелей эфирге шығуға және ересектерге арналған жарнаманы көрсетуге тыйым салынады.

 

Талаптар әлеуметтік желі қолданушыларына ғана емес, платформалардың өзіне де қатысты. Ережені бұзған әлеуметтік желілер мен баланың жасын жасырып, оған аккаунт ашып бергендерге санкция қолданылады. Шектеулер Түркияға уақытша келген шетелдіктерге де қатысты. Елге қысқа мерзімге барған туристер жеке басын паспорт деректері арқылы мемлекеттік порталдан растай алады.

 

Бұдан бөлек, Түркия билігі әлеуметтік желілерді реттеудің басқа да жолдарын қарастырып жатыр. Ақпан айында әділет министрі Акын Гюрлек анонимді аккаунттарға тыйым салу жоспары барын мәлімдеген. Алайда бұл ұсыныс 1 қарашадан бастап күшіне енген жас шектеулерінен бөлек мәселе.

Поделиться

Нет комментариев.

02/11/2026 09:09
0

Уведомление