Популярные тэги

Трамптың резиденциясына қарумен кірмек болған ер адам атып өлтірілді

Оқиға 22 ақпанға қараған түні Палм-Бич округіндегі Мар-а-Лаго резиденциясының маңында болған.


23/02/2026
09:01 31 0

Флорида штатында Дональд Трамптың резиденциясына кірмек болған ер адамды атып өлтірді.  

 

АҚШ-тың Құпия қызметі таратқан мәліметке сәйкес, шамамен сағат 01:30-да белгісіз адам күзетілетін аумақтың солтүстік қақпасына жақындаған. Оның жанында аңшы мылтығына ұқсас зат және жанармай құйылған канистра болған.

 

Құпия қызмет агенттері мен шерифтің орынбасары оны тоқтатуға тырысқан. Билік өкілдерінің айтуынша, ер адамға қолындағы заттарды тастау туралы бұйрық берілген.

 

Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоудың сөзінше, ол канистраны жерге қойғанымен, мылтықты атуға ыңғайланған. Осыдан кейін құқық қорғау қызметкерлері оқ атқан. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

 

Алдын ала дерек бойынша, қаза болған адам шамамен 20 жаста болған және Солтүстік Каролина штатынан келген. Бұған дейін полицияның назарына ілікпеген.

 

Оқиға кезінде Дональд Трамп өз резиденциясында болмаған. Associated Press агенттігінің мәліметінше, ол жұбайы Мелания Трамппен бірге Ақ үйде болған.

 

Істі ФБР, Құпия қызмет және шериф кеңсесі тергеп жатыр. Оқ атқан Құпия қызмет қызметкерлері тексеріс аяқталғанша уақытша қызметінен шеттетілді.

Поделиться

Нет комментариев.

23/02/2026 09:01
31 0

Уведомление