Популярные тэги

Трамп Ираннан кейінгі келесі нысанасын атады

Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны аяқтаған соң Кубаға қатысты алдағы іс-қимыл бағытын айқындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Masa media.


07/03/2026
10:02 28 0

ТАСС агенттігінің жазуынша, АҚШ басшылығы Кубаға қарсы әскери операция жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Вашингтонның пайымынша, Венесуэла мен Иранға қатысты жасалған осындай әрекеттер өз нәтижесін беріп жатыр.

 

Басылым мәліметінше, АҚШ президенті мен оның әкімшілігінің мүшелері «бәрі ойдағыдай болып жатыр және жоспарланғандай жүзеге асып жатыр» деп есептейді.

«Марко, сен керемет жұмыс істеп жатырсың. Куба деп аталатын бағытта да тамаша еңбек етіп жүрсің», – деді ол Ақ үйде өткен іс-шарада.

АҚШ әкімшілігінің басшысы бұл сөзді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әрі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі қызметін атқаратын Марко Рубиоға қарата айтты.

 

«Кубада болып жатқан жағдай – таңғаларлық», – деді Трамп.

 

Сонымен қатар ол Иранға қарсы әскери науқанды меңзей отырып: «Бірақ біз алдымен осыны аяқтағымыз келеді», – деп атап өтті.

«Бұл – тек уақыттың мәселесі. Сен және тағы басқа көптеген керемет адамдар АҚШ-тан Кубаға қайта баратын күн келеді. Ол жақта тұрақтап қалу үшін емес. Біз сенің қайта оралғаныңды қалаймыз», – деп жалғастырды ол.

Бұдан бөлек, Вашингтон әкімшілігінің басшысы Венесуэладағы жағдайға да тоқталып, «онда да істер өте жақсы жүріп жатыр» деген сенім білдірді.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Трамп АҚШ-тың соңғы президенттері арасында әскери операциялар саны жөнінен «топ жарған».

Поделиться

Нет комментариев.

07/03/2026 10:02
28 0

Уведомление