Популярные тэги

Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерді жазалау жолын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен байланыс орнатқан елдерге қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді.


13/01/2026
10:58 40 0

Толығырақ

 

Трамп өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісінде Иранмен дос елдерге арнап жазба жариялады.

 

 «Бүгіннен бастап Иран Ислам Республикасымен кәсіп жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен іскерлік операциясы үшін 25% көлемінде баж салығын төлейді. Жарлық өзгермейді, бұлжытпай орындалады», – деп жазды ол.

 

Ақ үй басшысы билікке екінші мәрте келгелі бері қысым көрсету әдісі ретінде қосымша тарифтер енгізуді жиі қолданып жүр. Сауда соғысы барысында оның баж салығын бірнеше есе өсіріп жібере алатынына мемлекеттердің көзі жетті.

 

АҚШ басшысы ескерту нақты қай елдерге бағытталғанын айтқан жоқ. Сарапшылар Иранның басты сауда әріптестері ретінде сес ең әуелі Қытайға көрсетіліп отырғанын айтады..

 

Ирандағы наразылық

 

Ирандағы толқулар 2025 жылғы 28 желтоқсанда басталған. Халық ұлттық валютаның құнсызданып, бағаның көтерілуіне наразылық білдіруде. Жыл аяғында 1 доллар құны 1,42 млн риалға жеткен. Алғашында акциялар бағаның өсуіне байланысты басталғанымен, көп ұзамай саяси сипат алып, үкіметке қарсы кең ауқымды наразылықтарға ұласты.

 

Бұдан бұрын елдегі ереуілшілер саны 30 млн адамға жеткенін жазғанбыз. Ал қаза тапқандар саны 2 мыңға жетеғабыл дейді бейресми дерек көздері.

 

Иранда қазір байланыстың барлық түрі өшірілген.

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2026 10:58
40 0

Уведомление