Трамп: АҚШ Ираннан «өте үлкен сый» алды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тарапынан мұнай-газ саласына қатысты «өте үлкен сый» алынғанын мәлімдеді.


25/03/2026
08:11 27 0

«Кеше олар шынымен күтпеген қадам жасады. Бізге сый жасады. Сый бүгін жетті. Бұл мұнай мен газға байланысты, әрі олардың тарапынан жасалған өте жақсы ишара болды. Бұл менің дұрыс адамдармен жұмыс істеп отырғанымды көрсетті», — деді Ақ үй басшысы.

Трамптың айтуынша, бұл сыйдың құны өте жоғары, алайда оның Иранның ядролық бағдарламасына қатысы жоқ. Президент әңгіме нақты не туралы екенін ашып айтпады.

 

Сонымен қатар, ол Иранның АҚШ-пен келісім жасауға мүдделі екенін жеткізді. Трамптың сөзінше, Тегеран Вашингтонның «ешқашан ядролық қару иеленбеу» талабымен келіскен.

 

Бұған дейін Трамп АҚШ пен Иран арасында «өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер» өткенін айтқан еді. Сондай-ақ ол Пентагон басшылығына Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына жасалатын соққыларды бес күнге тоқтатуды тапсырған.

 

Ал Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, келіссөздер өткенін жоққа шығарды.

Поделиться

Нет комментариев.

25/03/2026 08:11
27 0

Уведомление