Total Chess-2026: Асаубаева мен Карлсен арасындағы тартыс қалай аяқталды
Қазақстандық шахматшы норвегиялық қарсыласымен кездесуде есепті теңестіргенімен, келесі кезеңге Карлсен өтті.
Венгрия астанасы Будапештте қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен FIDE рейтингінде көш бастап тұрған норвегиялық Магнус Карлсен арасындағы екі күндік тартыс аяқталды.
Шахматшылар Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 супертурнирінде 17-20-орындар үшін бақ сынады.
Алғашқыда Карлсен блицте төрт партияның бәрінде жеңіске жетті. Одан кейін рапидте бір партияда басым түсіп, екеуінде тең ойнады. Осылайша, норвегиялық шахматшы есепте 10:2 есебімен алға шықты. Алайда бұдан кейін Карлсен жылдам классика форматындағы партияға шығудан бас тарты. Соның салдарынан оған техникалық жеңіліс беріліп, сегіз ұпайдың барлығы Асаубаеваның еншісіне жазылды.
Екінші күннің қорытынды есебі 10:10 болды. Соған қарамастан, рейтинг көрсеткіші жоғары болғандықтан, келесі кезеңге Магнус Карлсен өтті.
Бүгін кешке норвегиялық шахматшы 17-орын үшін ойнаса, Бибісара Асаубаева 19-орынға таласады.
Айта кетейік, екі шахматшы да топтық кезеңде өз квартеттерінде бесінші орын алып, турнирдің жұбаныш кезеңіне жолдама алған еді.
10:19
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.