ТОП-10: өткен аптада қандай фильмдер көрермен көзайымына айналды
Қазақстандық прокатта ең көп сұранысқа ие болған фильмдер топтамасын оқырман назарына ұсынамыз.
«7 қарақшы» – көшбасшы
Қуаныш Бейсектің «7 қарақшы» фильмі прокаттағы екінші аптасында да көш бастады. 1–4 қазан аралығында туынды 156 млн теңге табыс тапты. Екі аптаның қорытындысы бойынша фильмнің жалпы түсімі 568 млн теңгеге жетті.
Екінші орында – күздің күтпеген хитіне айналған «Жарығым-ай». Прокаттағы төртінші аптасында фильм 119 млн теңге жинап, жалпы түсімін 695 млн теңгеге жеткізді.
Үздік үштікті «Обитель зла» фильмі түйіндеді. Қазақстандағы екінші аптасында ол 81 млн теңге жинады. Елдегі жалпы түсімі – 235 млн теңге. Әлемдік прокаттағы табысы 245 млн долларға жеткен, ал бюджеті – 75 млн доллар.
Жұрт мақтаған «Қара алтынның» түсімі қанша?
Төртінші орынға Брэд Питт басты рөлді сомдаған «Сердце зверя» триллері жайғасты. Фильм екінші аптасында 75 млн теңге жинады. Бесінші орынға 68 млн теңге табыс тапқан «25 теңге. Басты миссия» комедиясы шықты. Бұл – өткен аптада прокатқа шығып, үздік бестікке енген жалғыз жаңа фильм.
Алтыншы орында қайта прокатқа шыққан «Мстители: Финал» фильмі тұр. Екінші аптасында ол 50 млн теңге жинап, жалпы түсімін 237 млн теңгеге жеткізді.
Жетінші орынға «14 күн» комедиясы жайғасты. Бір аптада 42 млн теңге тапқан фильмнің алты апталық прокаттағы жалпы табысы 1 млрд 24 млн теңгеге жетті. Осылайша, ол 2026 жылы 1 млрд теңге межесінен асқан төртінші қазақстандық фильм атанды.
Сегізінші орында Том Круз ойнаған «Диггер» фильмі тұр. Қазақстандағы алғашқы аптасында ол 24 млн теңге жинады. Тоғызыншы орынға «Приключения мамонтенка. В поисках мамы» мультфильмі жайғасып, 24 млн теңге табыс тапты.
Үздік ондықты «Қара алтын» фильмі түйіндеді. Прокаттағы төртінші аптасында ол 18 млн теңге жинап, жалпы түсімін 228 млн теңгеге жеткізді.
фото: әлеуметтік желіден («7 қарақшы» фильмінен кадр)
11:09
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.