Түнгі көше жарыстары: тұрғындардың мазасын алатын жүргізушілерге жаза қатаңдайды

Үкіметте түнгі уақытта қатты шу шығаратын көлік пен мотоцикл жүргізушілерінің мәселесі көтерілді.


22/09/2026
13:16 0

Тұрғындардың тыныштығын бұзушылар көбейген

 

Премьер-министр Олжас Бектенов түнде көлік пен мотоциклден қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. 2026 жылдың басынан бері полиция мұндай 782 жағдайды тіркеген. Оның ішінде 55 адам қамауға алынған.

 

Мәселе қалай шешілмек?

 

Бектенов ішкі істер министрі Ержан Сәденовке түнгі уақытта шу шығаратын көліктер мен мотоциклдер мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін айтты.

 «Оларға қатысты барынша қатаң шара қолдану қажет. Әйтпесе олар түн ортасында да адамдардың мазасын алып, ұйқысын бұза береді», – деді премьер-министр.

 Сәденовтің айтуынша, полиция мұндай құқық бұзушылықтарды тәулік бойы анықтап жатыр. Бұл үшін бейнебақылау камералары және азаматтардың 102 нөміріне берген хабарламалары пайдаланылады.

 

Жыл басынан бері 782 құқық бұзушылық тіркелген. Барлық заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 55-і қамауға алынған. Құқық бұзушылардың көліктері мен мотоциклдері арнайы айып тұрағына қойылады.

 

Премьер-министр мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2026 13:16
0

Уведомление