Тізім өзгерді: Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді
Үкімет Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізді.
Құжатта пантеонға жерленуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімі нақтыланды. Жаңа редакцияға сәйкес, Ұлттық пантеонға мына тұлғалар жерленеді:
- Қазақстанның вице-президенттері, премьер-министрлері мен олардың орынбасарлары;
- Құрылтай төрағалары мен орынбасарлары, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары мен орынбасарлары;
- Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары;
- мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер, Президент әкімшілігінің басшылары;
- Конституциялық кеңес, Конституциялық сот, Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары;
- Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары;
- министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары;
- Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері;
- Президенттің арнайы шешімімен белгіленген өзге де Қазақстан азаматтары.
Құжатта марқұмдарды пантеонға жерлеуді ұйымдастыру тәртібі де нақтыланған. Бұл жұмысты марқұмның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Олар жерлеуге қажетті құжаттарды рәсімдеп, керек-жарақтарды қамтамасыз етеді, марқұмның денесін пантеонға жеткізіп, жерлеу рәсімін ұйымдастырады.
Пантеонда жерленген адамдар туралы арнайы тіркеу кітабы жүргізіледі. Онда марқұмның аты-жөні, пантеонға жеткізілген және жерленген күні, өмірбаяны, Қазақстан алдындағы еңбегі мен өзге де мәліметтер жазылады.
10:51
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.