TikTok эфирінде балағаттаған астаналық 10 тәулікке қамалды

Сот оның әрекеті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды деген қорытындыға келген.


08/11/2026
16:14 0

Астана тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.

 

Оқиға 7 қарашада түнгі сағат 00:30 шамасында болған. Ер адам елорда тұрғынының тікелей эфиріне қосылып, балағат сөздер айта бастаған. Осы жайтқа байланысты іс сотқа жетті. Сот оның әрекеті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды деген қорытындыға келген.

 

Ер адамның кінәсі тікелей эфирдің бейнежазбасы, жәбірленушінің айғақтары, полиция жинаған материалдар және күдіктінің өз кінәсін мойындауы арқылы дәлелденген.

 

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындаған. Сондай-ақ бұған дейін осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылмағаны анықталды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар да болмаған.

 

Заң бойынша ұсақ бұзақылық жасағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. Алайда сот ер адамның әрекетін қоғамдық тәртіп нормаларын әдейі елемеу әрі айналасындағыларға құрметсіздік таныту деп бағалап, оған ең қатаң жаза – 10 тәулік әкімшілік қамау тағайындаған.

Поделиться

Нет комментариев.

08/11/2026 16:14
0

Уведомление