Тегеран Әли Хаменеиді жерлеуді кейінге қалдырды
АҚШ және Израиль әуе күштерінің соққысы тоқтамауына байланысты Иран билігі марқұм аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Masa media.
ВВС-дің жазуынша, қоштасу рәсімі 4 наурызда Тегеранда өтуі тиіс болған.
Еске салайық, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израиль күштерінің Тегеран орталығындағы резиденцияға жасаған соққысынан мерт болды. Ел билігі бастапқыда оның қаза тапқанын жоққа шығарып, 1 наурызға қараған түні ғана растады.
Аятолла Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарды. Оның өліміне ирандықтардың бір тобы қатты қайғырса, енді бір тобы қуаныштан көшеге шығып би биледі.
Елдегі жағдай әлі шиеленіскен күйі қалып отыр. Сарапшылардың бірі Ирандағы саяси режим ауысады десе, екінші топ аятолланың өлімі талай жыл орныққан жүйені бір күнде құлату мүмкін емес екенін айтады.
09:11
27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.