Тайландта Қазақстан туристері мінген катер апатқа ұшырады
Тайландта туристер мінген катер теңізге батып, бір адам қаза болды.
12:17
31
0
Фото: Thairath
Толығырақ
Thairath басылымының мәліметінше, катер Андаман теңізінде, Кох Кхиао аралына жақын маңда балық аулайтын кемемен соғысып, салдарынан теңізге батып кетті. Оқиға 11 қаңтарда жергілікті уақытпен таңертең сағат 9:10 шамасында болған.
Апаттан 22 адам зардап шеккен: 3 тай экипажының мүшесі және 19 шетел турисі. Бір адам қаза тапқан. Оның 18 жастағы ресейлік Елизавета Старых екені хабарланды.
Катерде Қазақстан азаматтары да бар
Туристік катерде барлығы 52 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі отырған. Олардың қатарында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің азаматтары болған. Ресейдің Пхукеттегі бас консулы Егор Ивановтың дерегінше, катердегі 33 ресейліктің 23-і ауруханаға жеткізілді.
ТАСС мәліметінше, экскурсияны Korawich Marine 888 компаниясы ұйымдастырған. Агенттік дереккөзінің ақпарынша, бұл компания катерлері бұған дейін де апатқа ұшыраған.
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.