Таяу Шығыстағы соғыс климаттық апатқа әкеп соқты
АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысы алғашқы 14 күннің өзінде атмосфераға шамамен 5 миллион тонна парниктік газдың бөлінуіне әкелген.
The Guardian-ның жазуынша, бұл көрсеткіш әлемдегі 80-нен астам елдің жиынтық шығарындыларына тең.
Иранның Қызыл жарты ай қоғамының дерегіне сәйкес, қақтығыс салдарынан шамамен 20 мың азаматтық нысан зақымданған.
Екінші ірі фактор — жанармай жағу. Қашықтағы әскери базалардан, соның ішінде Батыс Англияға дейін ұшқан америкалық ауыр бомбалаушы ұшақтар 150–270 млн литр жанармай жұмсаған. Соның нәтижесінде атмосфераға 529 мың тонна зиянды қалдық тараған.
Бұдан да көп шығарындылар мұнай нысандарындағы өрттерден тіркелген — 1,88 млн тонна. Оның ішінде Израильдің Тегеран маңындағы мұнай қоймаларына жасаған соққыларынан кейін қала үстіне «қара жаңбыр» жауғаны айтылды. Сонымен қатар, Иранның Парсы шығанағындағы нысандарға берген жауабынан кейін де ірі өрттер болған. Жалпы алғанда, 2,5–5,9 млн баррель мұнай жанып кеткен.
Қақтығыс барысында жойылған әскери техникалар да экологияға әсер еткен. Атап айтқанда, АҚШ-тың төрт ұшағы, Иранның 28 әуе кемесі, 21 кеме және шамамен 300 зымыран ұшыру қондырғысы жойылып, бұл тағы 172 мың тонна шығарындыларға себеп болған.
Ал екі апта ішінде қолданылған бомбалар, зымырандар мен дрондар атмосфераға қосымша 55 мың тонна зиянды қалдық бөлген.
Климат және қоғам институтының зерттеу директоры, талдау авторларының бірі Патрик Биггердің айтуынша, әрбір зымыран соққысы климатқа қосымша салмақ түсіреді.
«Әрбір соққы — онсыз да тұрақсыз әрі ыстық болып бара жатқан планетаға қосылған тағы бір жүк. Бұл әрекеттер қауіпсіздікті арттырмайды», — деді сарапшы.
08:09
33
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.