Таяу Шығыстағы соғыс: Қазақстан Түркістанды келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын
ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Masa.media.
Министрлер не туралы сөйлесті
Министрліктің мәліметінше, тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасқан.
Әңгімелесу барысында Ермек Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
«Қазақстан делдал болмайды»
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайда делдал болуға ұмтылмайтынын шегелеп айтты. Десе де, келіссөздер жүргізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын екенін жеткізген еді.
10:43
32
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.