Популярные тэги

Таяу Шығыстағы ахуал: Қазақстан алты ел бойынша рейстерді шұғыл тоқтатты

Ирандағы жағдайға байланысты Азаматтық авиация комитеті шұғыл шешім қабылдады.


28/02/2026
18:09 27 0

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде, ел ішінде және оған жақын аумақта ұшуларды арнайы өкім шыққанға дейін толық тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Аталған нұсқау қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 28 ақпанда Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының ұшу кестесіне келесі өзгерістер енгізілген:

 

KC263 Алматы – Медина, KC897 Алматы – Дубай, KC653 Алматы – Доха, KC205 және KC207 Астана – Дубай рейстері ұшу әуежайларына кейін қайтады;

 

KC899 Алматы – Дубай рейсі Дели қаласына бағытталды;

 

FlyArystan әуе компаниясының FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуежайға қондырылды;

 

28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы қалған рейстер тоқтатылды.

 

SCAT әуе компаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде Таяу Шығыс бағытындағы рейстер жоқ.

 

Шетелдік әуе компанияларының (Qatar Airways, AirArabia, Air Arabia Abu Dhabi, Flydubai, JazeeraAirways, Air Cairo, Red Sea) өкілдерінің ақпаратына сәйкес, компанияның бас кеңселері және туроператорлармен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленуде.

 

Ирандық әуе компанияларының кестесіне өзгерістер енгізілгені байқалады. Мәселен, QeshmAir әуе компаниясының 28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы рейстері тоқтатылды, ал Pars Air компаниясында 28 ақпан мен 3 сәуір аралығында рейстер көрсетілмеген.

 

Еске сала кетейік, бүгін Израиль Иранға соққы жасады. Осыдан кейін Трамп АҚШ-тың Иранға соғыс жариялауын ресми мәлімдеді.

Поделиться

Нет комментариев.

28/02/2026 18:09
27 0

Уведомление