Тағы да допинг дауы: қазақстандық екі балуан екі жылға жарыстан шеттетілді
Тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталған спортшылар – еркін күрес шебері Нұрсұлтан Садық пен әйелдер күресінен сынға түсетін Сабина Төрей.
Қазақстанның күрес құрамасының екі спортшысы допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді.
Sport.kz жазуынша, Нұрсұлтан Садықтың жарыс кезінде алынған допинг-сынамасынан кломифен затының ізі табылған. Осыған байланысты балуан 2026 жылғы 22 қаңтардан 2028 жылғы 21 қаңтарға дейін жарыстарға қатысу құқығынан айырылды.
Нұрсұлтан Садық 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Ол 2024 жылы Таразда өткен Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, ел ішіндегі бірқатар республикалық жарыста жүлдегер болған.
Сабина Төрейдің допинг-сынамасынан да тыйым салынған зат – сибутрамин табылған. Спортшы 2026 жылғы 4 тамыздан 2028 жылғы 3 тамызға дейін жарыстардан шеттетілді.
Оның жетістіктері қатарында 2025 жылғы ересектер арасындағы Қазақстан кубогының қола жүлдесі, 2026 жылы Таразда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ел чемпионатының күміс медалі бар. Сондай-ақ ол 2026 жылы Түркияда ұйымдастырылған «CHAMPIONS» жастар арасындағы халықаралық турнирде жүлдегер атанған.
09:20
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.