Ташкентте қазақстандық балалардың улануы: елшілік мәлімдеме жасады

Қазір 11 бала мен алты ересек адам дәрігерлердің бақылауында.


03/11/2026
09:34 0

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі Ташкентте тамақтан уланып, ауруханаға түскен қазақстандық жас футболшылардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Қазір 11 бала мен алты ересек адам дәрігерлердің бақылауында.

 

Елшілікке Қарағандыдан халықаралық Dostlik Cup 2026 футбол фестиваліне барған балалар мен ересектердің уланғаны туралы ақпарат 1 қарашада түскен.

 «Медициналық көмекке барлығы 19 адам жүгінді. Қазір Ташкенттегі №5 қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада 17 адам, оның ішінде 11 бала мен алты ересек ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты», – делінген елшіліктің 2 қарашадағы мәлімдемесінде.

Жағдайды Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрліктері бақылап отыр. Науқастарға көмектесу үшін Ташкент медицина университетінің профессорлары мен бейінді мамандар тартылған. Елшілік мәліметінше, турнир ұйымдастырушылары да зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

 

Еске салайық, 1 қарашада әлеуметтік желіде Ташкентте Қазақстаннан барған балалар жаппай уланып қалғаны туралы ақпарат тарады. Қарағандылық жас футболшылар халықаралық Dostlik Cup фестиваліне қатысқан. Балалардың бірінің ата-анасының айтуынша, 31 қазанда Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкеннен кейін балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтеріле бастаған.

 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі медициналық көмекке мұқтаж азаматтардың барлығы Өзбекстандағы мамандандырылған ауруханаларға жатқызылғанын хабарлады. Ал Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева ауруханаға түскен балалар толық айыққанша Өзбекстанда қалатынын, қалғандары ата-аналарымен бірге 2 қарашада елге оралғанын мәлімдеді.

Поделиться

Нет комментариев.

03/11/2026 09:34
0

Уведомление