Популярные тэги

Тарихта алғаш рет: Қазақстандық төрт теннисші әлемдік рейтингтерде үздік ондыққа енді

Отандық теннис тарихында тұңғыш рет елдің төрт бірдей өкілі әлемдік рейтингтерде топ жарды.


24/02/2026
14:25 26 0

Қазақстан теннис федерациясы өкілдерінің айтуынша, бұл қазақстандық теннис мектебінің тұрақты дамып келе жатқанын әрі спортты жүйелі түрде қолдаудың нәтижесін көрсетеді.

 

Әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде тұрақты түрде үшінші орында келеді. Ол жоғары деңгейдегі турнирлерде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Биылғы маусымды да сәтті бастап, Australian Open жарысында чемпион атанды. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкон 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

 

Александр Бублик ATP рейтингінде 10-орында тұр. Бұл оның қазіргі теннистегі ең жарқын ойыншылардың бірі екенін тағы бір дәлелдей түсті.

 

Жұптық сында Анна Данилина үлкен жетістікке жетіп, WTA Doubles рейтингінде 6-орынға көтерілді. Осылайша Қазақстанның әлемдік жұптық теннистегі позициясын нығайта түсті. Бұл – Аннаның кәсіби мансабындағы ең жоғары нәтиже. Ол жылды Qatar Open турнирінде жеңіспен бастаған еді.

 

Ал жасөспірімдер арасында Заңгар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінің үздік ондығына еніп, тарихи көрсеткішке қол жеткізді.

 

Федерация өкілдерінің айтуынша, бұл жетістіктер қазақстандық теннисшілердің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеті артып келе жатқанын және елдегі теннис жүйесінің тиімді жұмыс істеп жатқанын айғақтайды.

 

 фото: ҚТФ

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2026 14:25
26 0

Уведомление