Популярные тэги

Тарихи минимум: қазақстандықтар некеге тұруды күрт азайтты

Қазақстанда некеге тұру белсенділігі төмендеп, ажырасу саны артты, деп хабарлайды Masa media.


03/03/2026
17:53 37 0

Бұрын-соңды болмаған көрсеткіш

 

Finprom.kz дерегінше, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша елде 114,5 мың неке тіркелген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,4 пайызға аз. Мұндай төмен көрсеткіш бұрын-соңды болмаған.

 

Ажырасу неге көбейді?

 

Сонымен бірге елде ажырасулар саны көбейген. Өткен жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында олардың саны 11,9 пайызға өсіп, 45,5 мыңға жеткен. Салыстырсақ, 2020–2023 жылдары бұл көрсеткіш әдеттегіден әлдеқайда төмен болып, жылына 17–22 мың ажырасу шамасында ғана болған. Ал 2024 жылы статистика күрт өсіп, 2025 жылы да бұл үрдіс жалғасқан, делінген зерттеуде.

 

Неке мен ажырасу арасындағы арақатынас та нашарлап барады.

 

Өткен жылы әр 100 некеге шамамен 40 ажырасудан келген. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш небәрі 14-тің төңірегінде болған. Яғни жаңа отбасы құру мен оның бұзылуы арасындағы тепе-теңдік айтарлықтай өзгерген.

 

Қала мен ауылдағы отбасылар

 

Сарапшылар дерегінше, әдеттегідей некенің басым бөлігі қалаларда тіркеледі. 2025 жылы қалада 78 мың неке қиылған, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 68,1 пайызы. Алайда ажырасу да қалада көбірек: 33,8 мың. Ал ауылдық жерлерде 11,7 мың ажырасу тіркелген. Сондай-ақ ауылдарда неке саны бір жылда анағұрлым қатты қысқарған: 41,5 мыңнан 36,5 мыңға дейін, яғни 12 пайызға азайған. Қалаларда бұл көрсеткіш шамамен 5 пайызға төмендеген.

 

Қалаларда әр 100 некеге шамамен 43 ажырасудан келеді. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш төменірек — 100 некеге шамамен 32 ажырасу. Дегенмен ауылдарда да жаңа некелер саны азайып,  ажырасу көбейе түскені байқалады.

 

Фото: depositphotos.com

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2026 17:53
37 0

Уведомление