«Тамақ емес, құсық»: ата-аналар Астана мектебіндегі тегін астың сапасына шүйлікті
Threads желісінде ата-аналар Астанадағы мектептердің бірінде оқушыларға мемлекеттік бюджет есебінен берілген тамақтың сапасына қатысты шағымданып жатыр, деп хабарлайды masa.media.
ТӘБЕТ ҚАШЫРАТЫН АС
Қызы Қ. Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейде білім алатын ана баласына берілген астың тағамнан гөрі құсыққа көбірек ұқсайтынына наразы. Желіде жарияланған суреттен тағамның сыртқы көрінісі шынымен тәбет қашыратынын көруге болады.
– Қ. Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейдегі тегін тамақ осындай! Кеше қызым маған асханаға ақша жіберуімді сұрап жазды. Мен ренжіп: «Мектеп сені тегін тамақтандырып отыр ғой, не берсе, соны же», – дедім. Бірақ балалардың тәрелкесіне осындай құсықты салады деп ойламаппын! Мұны қалай түсінуге болады? Егер мына қойыртпақты жеу түгілі, оған қараудың өзі мүмкін болмаса, маған тамаққа арналған ваучерлердің не керегі бар?! – деп жазды ол.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НЕ ДЕЙДІ?
Өзге ата-аналар да аталған мектептегі жағдай бір жылдан бері жалғасып келе жатқанын жеткізді. Олардың айтуынша, білім ошағында берілетін ақылы тамақтың сапасы мүлдем басқа.
«Екі жыл бұрын балаларға тарататын алмаларына байланысты наразылығымды білдірген едім. Ол алмаларға қарасаң, жылағың келеді. Ата-аналар тобына жазғанымда, бір ана маған «Балаңызға тым болмаса осындай алма беріп жатқанына шүкір етуіңіз керек» деп жауап берді», - деп жазды желі қолданушылардың бірі.
Тағы бір ата-ананың пікірінше, балаларын осындай қойыртпақпен тамақтандырғанына риза болатын ата-аналар барда, әлденені өзгерту қиын.
«Білім басқармасына шағымдану керек. Мемлекет жеткізушілерге не үшін ақша төлеп отыр сонда?! Балаларды осындай сапасыз тамақпен тамақтандыру үшін бе?!», - деп наразылық білдірді тағы бір қолданушы.
Ал келесі бір ата-ана E-Өтініш арқылы жаппай шағым жазуды ұсынған.
«Тегін ғой» деп айтып отырғандарға айтарым: бұл қызметті компаниялар тендер арқылы алады, ал мемлекет оларға сол үшін ақша төлейді! Оның үстіне бұл ақша біздің салықтан жиналады. Тендерді ұтып алған соң үнемдемей, балаларға қоқыс тамақ емес, есептерінде көрсетіп отырғандай қалыпты, сапалы ас беруі керек!», - дейді наразылық білдірушілер.
09:25
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.