Таиланд 2027 жылдан бастап туристік алым енгізбек
Таиландта шетелдік туристерден 2027 жылдың басынан бастап туристік алым алу мәселесі талқыланды.
Алым кімдерден алынады?
The Nation басылымының жазуынша, талқылауға қатысқандардың 80,5%-ы туристік алым енгізу жобасын қолдаған. Ал 78,3%-ы ұсынылған 450 бат (шамамен 6 мың теңге) көлеміндегі мөлшерлемені құптаған.
2026 жылғы 6 қазанда Таиландтың туризм және спорт министрі Сурасак Пханчароенворакул Бангкокта мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жиын өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша жобаны пысықтап, алдымен Туризм саясаты жөніндегі ұлттық комитетке, кейін министрлер кабинетіне ұсыну жоспарланып отыр.
Алғашқы кезеңде алым Таиландқа ұшақпен келетін туристерден алынбақ. Құрлық және су жолы арқылы кіретін саяхатшылардан алым алуды бір жылға кейінге қалдыру жоспарланып отыр.
Жиналған қаражаттың бір бөлігі туристерді сақтандыруға жұмсалмақ. Сақтандыру полисі медициналық шығындар мен турист қайтыс болған жағдайда өтемақыны қамтуы тиіс. Билік ауруханаларға туристің сақтандырылған-сақтандырылмағанын тексеріп, көрсетілген медициналық көмек үшін өтемақы алуына мүмкіндік беретін тетік те енгізуді көздеп отыр.
Қазақстандықтар Таиландта визасыз қанша күн жүре алады?
Айта кетейік, Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Сонымен қатар 180 күн ішінде елде өткізілген күндердің жалпы саны 90 күннен аспауы керек. Яғни Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, алты ай ішінде елде болған барлық күннің жиынтығы 90 күннен аспауға тиіс.
Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енді. Таиланд билігі бұл шешімді елде заңсыз жұмыс істеуге жол бермеу және виза мерзімін ұзарту үшін шекара асып, қайта кіріп-шығу сияқты әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылдаған.
08:52
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.