Сәтпаев емес: Қазақстанның ең қымбат футболшысы кім

Ресей премьер-лигасы (РПЛ) футболшыларының нарықтағы жаңартылған құны жарияланды.


24/09/2026
09:32 0

Самородов көш бастады

 

Transfermarkt порталы жариялаған жаңа рейтинг бойынша, Қазақстан құрамасының ең қымбат ойыншысы – «Ахмат» клубының вингері Максим Самородов.

 

24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушының нарықтық құны 1 миллион еуроға (шамамен 507 миллион теңге) өсті. Қазір оның бағасы 4 миллион еуроны (2 миллиард теңгеден астам) құрап отыр. Бұған дейін Қазақстан құрамасындағы ең қымбат футболшы Дастан Сәтпаев болатын. Оның нарықтағы құны 3,5 миллион еуроға бағаланған.

 

Ресей премьер-лигасындағы Самородовтан кейінгі орында  «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп тұр. Оның нарықтағы құны – 2 миллион еуро.

 

Қазақстанның ең қымбат 10 футболшысы:

 

1. Максим Самородов («Ахмат») – 4 миллион еуро;

2. Дастан Сәтпаев («Бёрнли») – 3,5 миллион еуро;

3. Нұралы Әліп («Зенит») – 2 миллион еуро;

4. Бақтиёр Зайнутдинов («Динамо») – 2 миллион еуро;

5. Ислам Чесноков («Крылья Советов») – 1,2 миллион еуро;

6. Әлібек Қасым («Астана») – 850 мың еуро;

7. Темірлан Анарбеков («Қайрат») – 800 мың еуро;

8. Стас Покатилов («Сабах») – 600 мың еуро;

9. Рамазан Оразов («Елімай») – 600 мың еуро;

10. Ян Вороговский («Астана») – 600 мың еуро.

Поделиться

Нет комментариев.

24/09/2026 09:32
0

Уведомление