Словакия Рыбакинаға көз тікті ме? Пеллегринидің меңзегені не?

Словакия президенті Петер Пеллегрини қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады.


17/09/2026
12:19 0

 

Кездесу Братиславада, Президент сарайында өтті. Словакия басшысы спортшыны US Open турниріндегі жеңісімен құттықтады.

 

Президент спортшының сапарына қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Әйелдер теннисіндегі қазіргі әлемнің бірінші ракеткасы соңғы алты жылда Словакияны өзінің үйі санайтынын білесіздер ме? Елена Рыбакина халықаралық аренада Қазақстанның атынан өнер көрсеткенімен, Словакия ол үшін екінші үйіне айналды. Ол жылдың бір бөлігін осында өткізіп, ірі матчтар мен турнирлерге дайындалып, жаттығады. Осылайша еліміз оның спорттағы жолының маңызды бөлігіне айналды. Сондықтан бүгін оны Президент сарайында қарсы алып, US Open-дегі жетістігімен жеке өзім құттықтағаныма қуаныштымын», – деп жазды Пеллегрини.

Тарихи жеңіс

 

Елена Рыбакина жуырда АҚШ ашық чемпионатының финалында Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, US Open турнирінде алғаш рет чемпион атанды. Бұл – қазақстандық теннисшінің «Үлкен дулыға» санатындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды және 2026 жылы Australian Open турнирін жеңіп алған.

 

Осы жеңістен кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол бұған дейін екінші орында тұрған еді. Осылайша Рыбакина Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте көш бастаған алғашқы теннисші болды.

 

US Open-дегі жеңісі үшін қазақстандық теннисші 5,5 миллион доллар көлемінде жүлде алды.

 

Фото: 24.kz

Поделиться

Нет комментариев.

17/09/2026 12:19
0

Уведомление