Популярные тэги

Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов енді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.


09/01/2026
16:12 109 0

Компанияның хабарлауынша, Әбдірахымов бұл лауазымға 2025 жылдың 29 желтоқсанда тағайындалған.

 

Қызмет жолы

 

Ғабидолла Әбдірахымовтың экономикалық және басқару саласында білімі бар. «Болашақ» түлегі, 1999 жылы  неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде магистр дәрежесін алған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі басшылық лауазымдар атқарған:

 

1999-2001 жылдары – Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, бас маман, бөлім басшысы;

2001-2003 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2003-2005 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

2005-2008 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2008 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың қазанына дейін – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы;

2008 жылдың қазанынан – премьер-министр кеңсесінің басшысы;

2012 жылдың ақпанынан 2013 қаңтарына дейін – бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы;

2013 жылдың қаңтарынан – президент әкімшілігі басшысының орынбасары;

2015 жылдың тамызынан 2017 жылдың қазанына дейін – Шымкент қаласының әкімі;

2017 жылдың 31 қазанында "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды;

2018 жылдың 20 маусымында Шымкент әкімі болып қайта тағайындалды.

Басқа қызметтері:

2001-2008 жылдары – "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектері қауымдастығының президенті;

2008 жылдың 17 қазаны – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ хатшылығының басшысы.

 

Әбдірахымов және Шымкент

 

Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметін екі рет атқарды. Алғаш рет 2015 жылы тағайындалып, бұл қызметте 2017 жылға дейін болды. Кейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарды.

 

2018 жылы қайтадан Шымкент әкімі болып тағайындалып, бұл қызметті бір жылдай атқарды. 2019 жылы шенеунік Лондондағы Ritz қонақүйінде видео түсіріп, Instagram-дағы парағына жариялаған. Әкім Ұлыбритания астанасын «әлемнің астанасы» деп атап, қазақстандықтарға сәлем жолдаған. Көпшілік оның бұл әрекетін шенеунік этикасын бұзу деп қабылдады. Көп ұзамай Әбдірахымов әкім қызметінен алынды. Содан кейін ол премьер-министрдің кеңесшісі, мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметтерін де атқарған.

Поделиться

Нет комментариев.

09/01/2026 16:12
109 0

Уведомление