Саяхаттауға ең қауіпсіз қалалар: әлемдік рейтингте қай шаһар көш бастады
Рейтингтегі 15 қаланың тоғызы Еуропада орналасқан.
Berkshire Hathaway Travel Protection сақтандыру компаниясы жариялаған рейтинг америкалық саяхатшылар арасында жүргізілген сауалнама мен бірнеше халықаралық қауіпсіздік индексінің деректері негізінде жасалған.
Зерттеу барысында 1500-ден астам адамның пікірі ескеріліп, туристер өздері барған қалалардағы қауіпсіздік деңгейін бағалаған. Рейтинг 2026 жылғы тамыздағы жағдайға сүйеніп жасалған.
Монреаль 82,18 ұпай жинап, бірінші орынға шықты. Былтыр 16-орында болған канадалық қала қылмыс деңгейінің төмендігімен ерекшеленген.
Екінші орынға 81,03 ұпаймен Цюрих жайғасса, үшінші орынды 80,81 ұпай жинаған Амстердам иеленді. Былтыр бұл қалалар тиісінше үшінші және төртінші орында болған.
Бесінші орынға Исландия астанасы Рейкьявик тұрақтады. Алтыншы орында Осло, сегізінші орында Венеция, 11-орында Дублин, 12-орында Копенгаген, 13-орында Барселона және 15-орында Париж бар.
2027 жылы саяхаттауға ең қауіпсіз деп танылған 15 қала:
1. Монреаль, Канада
2. Цюрих, Швейцария
3. Амстердам, Нидерланд
4. Токио, Жапония
5. Рейкьявик, Исландия
6. Осло, Норвегия
7. Сингапур
8. Венеция, Италия
9. Сидней, Аустралия
10. Гонолулу, АҚШ
11. Дублин, Ирландия
12. Копенгаген, Дания
13. Барселона, Испания
14. Сан-Франциско, АҚШ
15. Париж, Франция
09:42
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.