Санжар Боқаев ұсталды

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.


18/03/2026
13:51 29 0

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында Санжар Боқаев ұсталды.

 «Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді», – делінген ақпаратта.

 Тергеу деректеріне сәйкес, Боқаев қылмысты ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

 

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Поделиться

Нет комментариев.

18/03/2026 13:51
29 0

Уведомление