Самоделкина Канададағы Гран-приде үздік бестікке енді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 71,84 ұпай жинады.
15:03
0
Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламадан кейін бесінші орынға тұрақтады. Төрешілер оның өнерін 71,84 ұпайға бағалады, деп хабарлайды Liter.kz Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аралық есепте жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 78,50 ұпай жинаған америкалық Изабо Левито тұр. Үздік үштікті 77,24 ұпаймен эстондық Нина Петрыкина түйіндеді.
Самоделкина үшінші орыннан 5,40 ұпайға қалып келеді. Қатысушылардың қорытынды орны еркін бағдарлама нәтижесі бойынша анықталады.
Шешуші жарыс Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні өтеді.
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.