Самоделкина АҚШ Гран-приінде үздік бестікке енді

Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 198,59 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады.


16/11/2026
09:12 0

АҚШ-тың Эверетт қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінің төртінші сайысы – Skate America аяқталды. Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина еркін бағдарламада тамаша өнер көрсетті. 

 

Төрешілер оның өнерін 137,56 ұпайға бағалады. Соның арқасында Самоделкина қорытынды кестеде 11-орыннан бесінші сатыға көтерілді.

 

Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 198,59 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

 

Эверетт қаласында өткен ISU Гран-при кезеңінің жүлдегерлері қатарында Жапония өкілі Ами Накаи топ жарды. Ол 236,81 ұпай жинады. Екінші орынды 213,90 ұпаймен ресейлік Александра Игнатова иеленсе, тағы бір жапониялық спортшы Рино Мацуике 211,63 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

 

Осы нәтижесімен Самоделкина ISU Гран-приінің қорытынды кезеңіне жолдама алуға қажетті ұпай қорын толықтырды. Финал 10-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтеді. Алайда қазақстандық спортшының финалға қатысу-қатыспауы алдағы уақытта өтетін қалған Гран-при кезеңдерінің нәтижесінен кейін белгілі болады.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/11/2026 09:12
0

Уведомление