Рыбакинаның Нинбодағы жеңісі әлемдік рейтингтегі орнын нығайтты

Қытайда өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпиондық атағын қорғаған Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан 2 000 ұпай алға шықты.


26/10/2026
08:11 0

Соболенко өткен аптада демалса, Рыбакина Нинбодағы жарыста сенімді ойын көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды.

 

Беларусь теннисшісі Токиода өтетін Toray Pan Pacific Open-2026 турниріне де қатыспайды. Ал Рыбакина жарысқа бірінші нөмірмен тіркелген.

 

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда ойнамайды. Екінші айналымда ол Грекия өкілі Мария Саккаримен (әлемдік рейтингте 31-орын) немесе отандасы Юлия Путинцевамен кездеседі. Айта кетейік, жаңа жекелей сында әлемдік рейтингте Путинцева бір саты төмендеген.

 

Қазақстанның екінші ракеткасы ірі турнирлердің іріктеу кезеңдерінде жеңіске жетіп жүр. Қытайдың Ухань және Нинбо қалаларындағы жарыстардан кейін Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Токио турнирінің іріктеу кезеңінен де сүрінбей өтті.

 

31 жастағы Путинцева іріктеудің алғашқы кезеңінде 19 жастағы жапониялық Хая Киноситаны (221-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Ал екінші кезеңде тағы бір алаң иесі, 21 жастағы Саяка Ишииден (589-орын) 4:6, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті.

 

Токиода Рыбакина мен Путинцеваға қазақстандық Анна Данилина да қосылады. Жұптық сында әлемдік рейтингтің жетінші сатысында тұрған Данилина (жаңа рейтингте үздік ондықтағы орны өзгермеген) Қытай өкілі Цзян Синьюймен (26-орын) бірге жарысқа екінші нөмірмен тіркелді.

 

Бүгін оларды Италияның бірнеше рет «Үлкен дулыға» турнирлерінде чемпион атанған теннисшілері Сара Эррани (15-орын) мен Жасмин Паолини (29-орын) қарсы алады. Алдағы кездесу қазақстандық-қытайлық жұп үшін оңайға соқпайын деп тұр.

Поделиться

Нет комментариев.

26/10/2026 08:11
0

Уведомление