Рыбакина US Open финалына шықты
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының 2026 жылғы турнирінде жартылай финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Masa Media.
ТАРТЫСТЫ КЕЗДЕСУ
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы US Open-2026 финалына жолдама үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Елена Рыбакина 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер хард кортта 2 сағат 8 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
ФИНАЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ КІМ?
Осылайша, Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Сонымен қатар Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды қамтамасыз етті. Финал нәтижесіне қарамастан, US Open аяқталғаннан кейін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингті бастайды. Жаңартылған рейтинг 14 қыркүйек, дүйсенбі күні жарияланады.
фото: nytimes.com
08:33
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.