Рыбакина 2026 жылы ең көп жүлде алған теннисші атанды
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылы турнирлерден ең көп жүлде алған әйел теннисшілер рейтингінде көш бастады.
Теннисшінің табысы
Sportico-ның жазуынша, ол жыл басынан бері $10,88 млн тапқан. Ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы рейтингте қазақстандық спортшы үшінші орынға жайғасты.
Рыбакина турнирлердегі өнері үшін $10,88 млн көлемінде жүлде алған. Одан көп қаржы тек германиялық Александр Зверев ($14,71 млн) мен италиялық Янник Синнерге ($11,58 млн) тиесілі.
Әйелдер арасындағы рейтингте Қазақстан өкілі айқын басымдықпен бірінші тұр. Оның ең жақын бәсекелесі, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко $8,07 млн жүлде алған. Бұл Рыбакинадан $2,81 млн аз. Үшінші орында чехиялық Линда Носкова тұр. Оның жүлде қоры $7,49 млн.
Рейтингке тек ATP және WTA турнирлеріндегі өнері үшін берілген жүлде қаражаты енгізілген. Жарнамалық келісімшарттардан, демеушілік шарттардан және өзге де коммерциялық жобалардан түсетін табыс есепке алынбаған.
2026 жылғы жүлде қоры бойынша ең көп табыс тапқан 10 теннисші:
1. Александр Зверев (Германия) – $14,71 млн;
2. Янник Синнер (Италия) – $11,58 млн;
3. Елена Рыбакина (Қазақстан) – $10,88 млн;
4. Арина Соболенко (Беларусь) – $8,07 млн;
5. Линда Носкова (Чехия) –$7,49 млн;
6. Коко Гауфф (АҚШ) – $6,97 млн;
7. Мирра Андреева (Ресей) – $6,63 млн;
8. Бен Шелтон (АҚШ) – $6,44 млн;
9. Джессика Пегула (АҚШ) – $5,75 млн;
10. Каролина Мухова (Чехия) – $5,25 млн.
фото: Қазақстан теннис федерациясы
11:01
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.