Ресейдің Шайдоровқа қатысты жоспары белгілі болды
Авербух Қазақстан спортшысын өз мұз шоуларында көргісі келетінін мәлімдеді.
Sport24.ru сайтының жазуынша, ресейлік танымал хореограф, 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити Олимпиадасының күміс жүлдегері Илья Авербух қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың өз мұз шоуларына қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
«Михаил Шайдоровты өз шоуымда көргім келе ме? Неге болмасын. Меніңше, мұнда ешқандай ешқандай сұрақ тумауы керек. Михаил – қазіргі Олимпиада чемпионы, ол кез келген шоудың көркін ашады. Оның менің жобаларыма қатысуы мүмкін емес нәрсе деп ойламаймын. Бар болғаны – шақырту жіберсек, өзі келісімін беруі керек», – деді Авербух.
Еске салайық, 2026 жылғы Қысқы Олимпиадада Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанып, ел қоржынына тарихи алтынды салды. Бұл – Қазақстанның ақ Олимпиада 32 жылдан кейін алған алтыны.
Бұдан бұрын Шайдоровтың халықаралық ISU Skating Awards сыйлығына үміткерлер тізіміне енгені хабарланған.
06:36
25
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.