Ресейде Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ресейде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы кәсіпкер Павел Дуровқа терроризмді қолдауға жәрдемдесті деген айып тағылып отыр.
Істің мән-жайы
Дуровқа терроризмді қолдауға жәрдемдесті деген айып тағылып отыр. Аталған бап бойынша жаза 8 жыл бас бостандығынан айырудан өмір бойына дейінгі мерзімді қамтиды.
«Российская газета» басылымының жазуынша, мессенджерде тыйым салынған контентке, есірткіге, суицидке және экстремизмге байланысты мыңдаған арна мен чат жойылмаған.
Ал Федералды қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, 2022 жылдан бері Telegram террористік сипаттағы істерді қоса алғанда, 153 мың қылмыстық оқиғада аталған.
Telegram-ға қатысты шектеулер
Айта кетейік, 2026 жылғы 10 ақпанда Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) ел аумағында Telegram мессенджерінің жұмысын баяулату шараларын бастау туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын Дуров Ресейдегі өз жобасына қатысты шектеулер жөнінде пікір білдірген.
«Ресей билігі азаматтарын аңдуға және саяси цензура жүргізуге арналған мемлекеттік қосымшаға көшіруге тырысып, Telegram-ға қолжетімділікті шектеп отыр. Сегіз жыл бұрын Иран да дәл осындай тәсілді қолдануға әрекет жасаған, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Олар ойдан шығарылған сылтаулармен Telegram-ды бұғаттап, халық мессенджердің мемлекеттік баламасына көшеді деп үміттенді. Тыйым салынғанына қарамастан, ирандықтардың басым бөлігі әлі күнге дейін Telegram пайдаланады (цензураны айналып өтіп) және бақылауға алынған қосымшалардан гөрі осы платформаны таңдайды», – деп жазды ол.
Дуров сондай-ақ адамдардың еркіндігін шектеу дұрыс шешім емес екенін айтты. Оның сөзінше, қандай қысым болса да, Telegram сөз бостандығы мен жеке өмір құпиясын қорғау ұстанымынан айнымайды.
12:33
27
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.